Қызылорда қаласы Абылайхан атындағы жоғары колледжінде студенттер арасында семинар-тренинг өткізілді. Дүниежүзінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні: ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарын аударту және АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында 2022 жылғы кампания «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ індет санынан көппіз!» ұранымен өткізілуде.
Семинардың мақсаты - АИТВ инфекциясының таралуының шектеудің негізгі механизмі инфекцияның алдын алу болып табылады. Әр адам АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қалай тексерілетінін және жұқтырудан қалай қорғану керектігін білуі қажет. Жастардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, студенттердің бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылды.
Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері презентация, видеороликтер, суреттермен баяндама жасалды. Семинардың алдында және соңынан білім деңгейлерін байқау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық танылымдылық материалдар таратылды.
АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың (слюновой тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде көрсетіп, түсіндірілді.
Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/778-abylajkhan-atynda-y-zho-ary-kolledzhinde-studentter-arasynda-seminar-trening#sigFreeIdc9522f5c24