Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кеңес беру дәрігері А.Бекниязова, емхананың психологы Т.Құлышова, жастар денсаулығы ортылығының маманы Б.Бектурғановамен бірлесе іс-шара ұйымдастырды. Іс-шарада жастарға АИТВ/ЖИТС инфекциясының тарихы, жұғу жолдары, алдын алу, сақтану шаралары туралы айтылып, республика, облыстағы эпидемиологиялық ахуалына тоқталды. Клиникалық көріністері жинақталған буклеттер көрсетіліп, АИТВ туралы үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтап, індеттен абай болуға шақырды. Әр адам өз денсаулығына өздері жауапты екендігін ұмытпауға кеңес берді.
А.Бекниязова, ПӘК кабинетінің дәрігері
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/777-usrtbniurnstgklstnbrt#sigFreeIdb32a5bf74a