17 Мамыр 2022
404

Ашық есік» күні ұйымдастырылды

Жалағаш аудандық емханасында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кеңес беру дәрігері А.Бекниязова, емхананың психологы Т.Құлышова, жастар денсаулығы ортылығының маманы Б.Бектурғановамен бірлесе ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні емханаға қаралушы пациенттерге АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу шаралары, инфекцияны анықтау әдістері туралы айтылып, республика, облыстағы эпидемиологиялық ахуалына тоқталды. Әр адам өзінің статусын білуге, психо-әлеуметтік кабинетке қан тапсырып АИТВ-ға тестілеуден өтуге болатындығына тоқтала келе, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Сонымен қатар АИТВ инфекциясын ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

А.Бекниязова, Жалағаш ПӘК кабинетінің дәрігері