16 Мамыр 2022
378

Акциялар Қарасай ауданынан басталды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Арайлым Кенжебекова мен Тоғжан Мырзағұлова Қарасай ауданының бірнеше ауылдарын аралап, Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай акциялар өткізді.   

Алғашқы кездесу 13 мамыр 2022ж. Райымбек ауылы, Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында басталды. 8-11 сынып оқушыларының АИТВ мен ЖИТС туралы білім деңгейі сұрақ-жауап арқылы анықталған соң, дәрігерлер жасөспірімдерді ЖИТС құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күні туралы, оның маңызы,  биылғы ұраны, тарихы, символы, квилт секілді атрибуттары жайлы ақпараттандырды.

Мұндай кездесу ұстаздар арасында да жалғасты.

Қатысушылар саны – 115 оқушы, 24 мұғалім.