Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жумагулованың ұйымдастыруымен аудандық «Толқын» газетінің тілшілерімен «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Кездесудің мақсаты АИТВ/ЖИТС-ке байланысты жүргізіліп жатқан іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау, халықтың ақпараттану деңгейін көтеруде роль атқаратын БАҚ өкілдеріне АИТВ инфекциясының республика, облыс, аудан көлемінде індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде толық мәлімет беру. Сонымен қатар ЖИТС ауруынан қайтыс болғандары еске алу күні қарсаңында атқарылған іс-шараларға тағыда тоқталып өтіп, мәлімет беріп, пікір алмасу болып табылады.
Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері
Г.Жумагулова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/767-baspas-z-tilshilerimen-kezdesu#sigFreeId289403191e