16 Мамыр 2022
415

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай іс-шаралар жүргізілуде

Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС (жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда   әлемнің 115 елінде,   1200 жуық  қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.Биылғы жылы Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 39-ші рет өткізілмекші. Бұл күнді өткізудің мақсаты - жалпы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді АИТВ инфекциясынан сақтандыру және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Осыған байланысты облыстағы оқу орындарында түрлі үлгіде іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай іс-шаралардың бірі Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінде ЖИТС орталығының мамандарымен кездесу болды.
Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде оқушыларға кең көлемде мағұлмат берілді және АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың (слюновой тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде  айтылып өтті.