АИТВ және ЖИТС
Шиелі ауданы Алмалы елді мекеніндегі №181-ші орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының арасында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты іс-шара өткізілді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру барысында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/764-aitv-zh-ne-zhits#sigFreeId605ef04e8a