АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың емдік-көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Утегенова, ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева мамыр айының 12-13 аралығында «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚМКК-на АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында әдістемелік практикалық көмек көрсетті. Сонымен қатар «АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер гинекологтар арасында семинар өткізіп, облыстағы індеттік ахуалмен, жаңадан шыққан нормативтік құжаттармен таныстырып, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары туралы презентациялар ұсынылды. Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға барлығы 58 медицина қызметкері қатысты.
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/763-aitv-ny-zekti-m-seleleri-zh-ne-ony-aldyn-alu-sharalary#sigFreeIdbb94ca4e23