28 Сәуiр 2022
427

Мектеп оқушыларын ақпараттандыру жұмыстары жалғастырылуда

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспарына сәйкес 27 сәуір 2022 жылы Шиелі ауданы  «Қодаманов» ауылы №158 мектепте оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында сұрақ-жауап сағаты  өткізілді. Мектеп аяжаны А.Асқарова, ЖИТС орталығының маманы  Т.Досаев іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу мен сақтану шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ/ЖИТС-тің облыс және аудан бойынша індеттік ахуалы жөнінде ақпарат берілді. Оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі  Т.Досаев