2022 жылға арналған кешенді жоспары негізінде тергеу, түзеу мекемелерінде ВИЧ-инфекциясының мекеме ішілік таралуын алдын алуда тергеу қамауындағылар мен сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының аурушаңдық көрсеткіштері бойынша мәселелі сұрақтар мен атқарылатын іс-шараларды талқылау мақсатында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығымен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың басшылық жасап, облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева, дәрігер-эпидемиологы А.Садвакасова, қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қатысты пенитенциарлық мекемелердің бастық орынбасарлары, медицина бөлімінің мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында АИТВ-инфекциясының әлемдегі, республикадағы, облыстардағы жалпы эпидемиологиялық жағдайымен бас бостандығынан айыру орындарындағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, мекеме ішілік жұқтыру жағдайлары, осы індетпен өмір сурушілер жайлары баяндалды және инфекцияның алдын алуда туындалған мәселелер, орын алған кемшіліктер талқыланды.
Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу бойынша өзгерістер және жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары баяндалды.
Кездесу соңында бірлескен жұмыстың оң нәтижелері айтылып, атқарылатын жұмыс бойынша іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға және бар мәселелерді бірігіп жоюға шешім қабылданды.
Орталықтың дәрігер-эпидемиологы А.Садвакасова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/757-yzylorda-oblysy-bojynsha-azh-departamentinde-zhits-ti-aldyn-alu-ortaly-ymen-birlesken-d-gelek-stel#sigFreeId67d63e0241