Қызылорда қаласы М.Маметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттер арасында дөңгелек стол форматында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты - студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, студенттердің бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылды.
Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері презентация, видеороликтер, суреттермен баяндама жасалды. Семинардың алдында және соңынан білім деңгейлерін байқау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Семинар сұрақ-жауап түрінде дөңгелек стол форматында қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді.
Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог