22 Сәуiр 2022
446

Жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу

АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Сырдария аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері А.Оразбаева Айдарлы ауылы №139 мектеп, Аманкелді елді мекенінің №42 мектеп оқушылары арасында кездеу кешін ұйымдастырды.

Іс-шара барысында АИТВ инфекциясының әлемдегі, республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, алдын алу, сақтану шаралары, осы инфекцияның отбасына, қоғамға кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ, шағын топтармен жұмыс жасалып, берілген ақпаратты толық түсіндіру мақсатында "Қауіп сызығы" интеллектуалды ойыны ойнатылды.

 

Сырдария аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері А.Оразбаева