12 Сәуiр 2022
435

«Денсаулық-ең ұлы қазына» тақырыбында акция

2022 жылдың 11 сәуір күні «Болашақ» жоғары медициналық колледж мұғалімдері мен студенттері арасында «Денсаулық-ең ұлы қазына» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен акция өткізілді.  Оған облыстық жастар денсаулығы орталығының маманы А.Алтаева, облыстық медициналық орталықтықтың дәрігер гастроэнтерологы Г.Рабатова, облыстық фтизиопульмонология орталығының маманы М.Увашева  қатысып, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.

Қазіргі таңда елімізде АИТВ-инфекцияның алдын алу мақсатына қомақты қаржы жұмсалып жатқанымен, оның алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. Қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор. АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Сондықтан, тұрғындарды, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тың алдын алу шараларын олардың арасында пәрменді жүргізу мақсатында орталықтың дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ статусыңды біл!» тақырыбында видеороликтер көрсетілді. Кездесу соңында жастар мен жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева