06 Сәуiр 2022
463

«АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары тақырыбында семинар тренинг» өткізілді

«АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары тақырыбында семинар тренинг»  өткізілді.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта арнайы орта оқу орындарының директорының орынбасарлары арасында «АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары тақырыбында семинар тренинг»  өткізілді. Барлығы облыс бойынша 27 қызметкер қамтылды. Семинар интерактивті оқыту әдісімен жүргізілді. Орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева  АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, АИТВ инфекциясының қоғамға, білім саласына, отбасына тигізетін әсері,  жөнінде ақпарат берді. Тренинке дейін  тестілеу жұмысы жүргізілді.  Тренинг барысында ролдік ойындар, миға шабуыл жасау, сергіту жаттығулары, жұғу жолдарына байланысты «Саяхат» ойыны, дискриминация, Стигма жағдайларына сәйкес ойындармен  байланысты өткізілді. Тренинтен  кейінгі тестілеу «Әткеншек » әдісі бойынша жүргізіліп берілген материалды ұғыну жағдайына сараптама жасалды.