2022 жылдың 29-шы наурызында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында АИТВ-инфекциясына биологиялық материалды (қан) алатын және алынған биологиялық сынамаларды ЖИТС орталығының ИФТ зертханасына жеткізетін медициналық мамандар арасында «АИТВ-инфекциясының індеттік жағдайы, АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау барысында қалалық медициналық мекемелермен жіберілген кемшіліктер, оны болдырмау және АИТВ-ға қан алу, тасымалдаудың преаналитикалық сатысындағы талаптар» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылып, 30 медицина қызметкері оқыту бағдарламасымен қамтылды.
Семинар барысында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева ҚР-да, облысымызда 2021 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды айта келе, 2021ж 12 айында және 2022 жылдың 2 айында АИТВ-инфекциясына қан алу, тасымалдау барысында қалалық медициналық мекемелермен жіберілген кемшіліктер мен оларды болдырмау мәселелеріне тоқтады.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева АИТВ-инфекциясына қан алу, сақтау, тасымалдау ережелері, преаналитикалық сатыда жүргізілетін жұмыстар, АИТВ - инфекциясына биосынамаларды алу кезіндегі талаптар мен АИТВ-ға алынған биосынамалардың облыстық ЖИТС орталығының зертханасына тасымалдану тәртібі мен ережесі туралы толық мағұлмат берді.
Бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/748-aitv-infektsiyasyna-an-alyp-tasymaldajtyn-meditsina-yzmetkerleri-arasynda-seminar#sigFreeIdb349fdece2