ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының жылдық жоспарына сәйкес, аудан жастарының арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің берілу жолдары, алдын алу шаралары және індеттік ахуал туралы ақпараттық мәлімет берді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/745-zhastar-resursty-ortaly-ynda-kezdesu#sigFreeIdcaebb310cf