17 Наурыз 2022
451

Акушер гинекологтар мен эпидемиологтар арасындағы семинар

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашада № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес АИТВ инфекциясын тұрғындар арасында және анадан балаға берілуінің алдын алу, медицина қызметкерлері арасындакәсіптік жұқтырудың алдын алу мақсатында 2022 жылдың 15-17 наурыз аралығында «АИТВ-ның өзекті мәселелері және оның алдын алу» тақырыбында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер гинекологтар, эпидемиологтардың арасында семинар ұйымдастырылуда.

Ұйымдастырылған іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, АИТВ-мен күрес стратегиясы, АИТВ-ның классификациясы, клиникасы, емдеу ерекшеліктері, АРТ препараттарын емге қолдану, сонымен қатар «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы барысы толығымен айтылып, түсіндірілді. Медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу мақсатында «АИТВ-ны медицина қызметкерлері арасында кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.