ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығында 2022 жылдың 15-ші наурызында халықтың негізгі топтарымен (ХНТ) жұмыс жасайтын аутрич-қызметкерлердің қатысуымен бірлескен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кеңес барысында облысымызда және Республикада халықтың негізігі топтары арасында 2021 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының алдын алу барысында жүргізілген жұмыстарына тоқталды. ХНТ-ның профбағдарламамен қамтылуы, қорғаныш заттарының таратылуы және осы топтардың АИТВ-инфекциясына тестілеу жұмыстары айтылды. Сонымен қатар, халықтың негізігі топтары арасында соңғы жылдары АИТВ-инфекциясы тіркелмеуіне талдау жасалып, профбағдарламамен қамтуға жаңа ХНТ тартуды, олардың арасында АИТВ-инфекциясын анықтау жұмыстарының сапасын жақсарту және АИТВ инфекциясының гомосексуалды жолмен таралуын төмендету үшін тағы осы бағытта жұмыс жасайтын 1 аутрич-қызметкерді қарастыру бойынша шешім қабылданды.
Балықбаева С-ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/743-khaly-ty-negizgi-top-kilderimen-autrich-yzmetkerleri-kezdesu-jymdastyryldy#sigFreeIddaec7d07ca