2022 жылдың 18-ші ақпанында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында Қызылорда облыстық обаға қарсы күресу станциясының маманының қатысуымен аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы дәрігер-инфекционист, дәрігер-эпидемиологтар, орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу сабағы өткізілді.
Семинар барысында аса қауіпті инфекциялық аурулардың әлемдік, республика, облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы, диагностикасы, клиникасы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары бойынша презентация жасалып, видеороликтер көрсетілді. Аса қауіпті инфекциялық ауруларға күдікті және олар туындаған кезінде шұғыл жоспарға сәйкес инфекцияға қарсы іс-қимылдар әрекеттері және қорғаныс киімдерін киіп-шешу бойынша жаттығу жүргізілді.
Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Садвакасова А.Я.