Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында АИТВ/ЖИТС инфекциясы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды жиналысы болып өтті. Аталмыш жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы, Қазалы, Шиелі филиалының меңгерушілері, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған ПӘК кабинеттерінің дәрігерлері, орталығымыздың эпидемиологиялық қадағалау бөлімі, емдік-көмек бөлімі, ұйымдастыру әдістемелік бөлімі, ИФА зертханасы бөлімінің меңгерушілері қатысты.
ЖИТС орталығы 2021 жылы төмендегідей басымдық бағыттарда жұмыс жасады:
- АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу
- АИТВ жұқтырғандарды емдеу, диспансерлік бақылау жүргізу, ем нәтижелілігін қамтамасыз ету.
- АИТВ инфекциясына сапалы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу
- АИТВ жұқтыруға бейім мінез-құлқы қатерлі топ өкілдері арасында профилактикалық жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу, олардың арасында «Зияндылықты сейілту» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру.
Халықтың, әсіресе жастардың арасында АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңінен насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қолдану.
АИТВ инфекциясына тестілеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру, тексерулер санын және тестілеуден өткен халықтың үлес салмағын арттыру.
Орталықтың Қазалы және Шиелі аудандарында филиалдары; Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы; Арал аудандарында психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеттері аудан халқына қызмет көрсетуде.
Сонымен бірге, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу жұмыстарын басқа ведомстволық мекемелермен біріге отырып сапалы атқару мақсатында облыстық перинаталдық орталығымен, емханалармен, облыс орталығындағы ауруханалармен, Облыстық білім басқармасымен, Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен, Облыстық наркологиялық орталығы және туберкулезге қарсы күрес диспансерімен барлығы 12 рет біріккен мәжілістер өткізіліп, шешімдер қабылданды.
2021 жылы орын алған қиындықтарға қарамастан Орталық ұжымы көптеген жетістіктерге жетті және Орталықтың қызметінде жаңа енгізулер орын алды. Атап айтқанда:
- Полимеразды тізбекті реакция зертханасында (ПТР) жаңадан «Bioneer» анализаторы қондырылып іске қосылды.
- ПТР зертханасында АИТВ жұқтырғандарда вирустық жүктемені анықтау әдісі енгізілді.
- Биохимиялық және несепталдаушы анализаторлар алынып зерттеулер жүргізілуде.
- АИТВ инфекциясына жедел тестілеуді «құрғақ пробирка» әдісі арқылы сапасын бақылау енгізілді
- ИФТ зертханасында 4-ші ұрпақтағы (антиген-антидене) тест жүйелері қолданысқа енгізілді.
- СД 4 - СД 8 жасушаларын тестілеу барысында R-карта әдісі бойынша ішкі сапасын бақылау әдісі енгізілді
- АИТВ-жұқпасына сыртқы сапаны бақылау (ВОК) бағдарламасы еңгізілді
- Тұрғындарды АИТВ-ға тестілеумен қамту деңгейі 14,4%-дан 16,4%-ға артты
- Эпидемиологиялық ошақтардың барлығына (100%) эпидзерттеу жұмыстары жүргізілді
- 100% жағдайда жаңадан анықталған науқаспен байланыста болғандар нақтыланып, 100% -ы АИТВ-ға тексерілді.
- Антиретровирусты еммен қамту көрсеткіші 2020 жылы 99 пайызды құраса, 2021 жылы 97 пайызды құрады.
- Антиретровирусты емнің тиімділігі 2020 жылы 91,7 пайызды құраса, 2021 жылы 90 пайызды құрады.
Сонымен қатар, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының арасындағы 2020 жылға арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі мақсатты индикаторларды қамтамасыз ету бойынша бекітілген Меморандум көрсеткіштері толығымен орындалды.
- Қызылорда облысында АИТВ-инфекциясының 15-49 жас тобында таралушылығын 0,04 % деңгейінен асырмау керек болса, бұл көрсеткіш 2021 жылы 0,03% құрады.
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 81% болып межеленсе, ол 2021 жылы облыста 87% болып орындалды.
- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдердегі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алумен (АББА) қамтуды қамтамасыз ету 95%. болып межеленсе, ол 100% болып орындалды.
- АИТВ жұқтырған аналардан туылған балаларды анадан балаға берілуінің алдын алумен (АББА) қамтуды қамтамасыз ету 98% болып межеленсе, ол да 100% болып орындалды.
2022 жылға алға қойған міндеттеріміз де баршылық:
- АИТВ жұқтырғандарға сапалы диспансерлік бақылау жүргізе және ем нәтижелілігін қадағалай отырып, еммен қамтылған науқастарда вирустық жүктеменің түсуі, яғни ем нәтижелілігі 90 пайызға жеткізілді, енді оны осы көрсеткіштен түсірмеуіміз керек.
- Жүкті әйелдерді АИТВ-ға 2 рет уақытылы тестілеуден өткізу, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге сапалы диспансерлік бақылау жүргізу, АРВ емімен толық қамту, қауіпсіз босандыру, АИТВ жұқтырған анадан туылған балаға профилактикалық ем жүргізу жұмыстарын акушерлік-гинекологиялық қызметпен бірлесе отырып АИТВ-ның анадан балаға берілуін болдырмау керек.
- Эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізу, жұқпа көзін анықтау, олармен қарым қатынаста болғандармен жұмыс жасау, АИТВ-ға тестілеу стратегиясын одан әрі жетілдіру, АИТВ-ның алдын алу шараларын насихаттаудың бірден бір құралы – ол бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді қолдану, осы бағыттағы жұмысты мамандар күн тәртібінен түсірмеулері қажет.
- ПТР зертханасына, Қазалы және Шиелі аудандарындағы филиалдардың
ИФТ зертханаларына Режимдік комиссияның рұқсат қағазын алу бағытында жұмыс жасаймыз.
- Тұрғындардың АИТВ-ға тестілеуден өту көрсеткішін одан әрі арттыру, диагностикалау сапасын жақсарту мақсатында мақсатында Орталықты ИХЛА, Шиелі және Қазалы филиалдарының зертханаларын 2 ИФА аппараттармен жабдықтау қажет.
- Халықтың осал топ өкілдерінің, яни инъекциялық есірткі тұтынушылардың профилактикалық бағдарламамен қамтылу көрсеткішін 60, жыныстық қатынас қызметкерлерінің қамтылу көрсеткішін 80 пайыздан түсірмеу, ерлер мен жыныстық қатынас жасайтын ерлердің қамтылу көрсеткішін 20 пайызға жеткізуіміз қажет.
- Облыста АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен жұқтыру басымдылығын ескере отырып, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында халықтың осал топ өкілдерін, әсіресе ерлер мен жыныстық қатынас жасайтын ерлерді профилактикалық бағдарламамен қамтуды жақсарту үшін әлеуметтік тапсырыс арқылы Үкіметтік емес ұйымдар ашу бағытында жұмыс жасалуы қажет
- АИТВ жұқтырғандармен қатынаста болғандарды индекстік тестілеу әдісін енгізіп, әрі қарай жұмыс жасалуы керек.
- Емдеу-алдын алу ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасай отырып, жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексеру жұмыстары жандандырылуы тиіс
Барлық мәселелер талқыланып, шешім жобасымен таныстырылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/724-aitv-zhits-ke-bajlanysty-at-aryl-an-zh-mystar-orytyndylandy#sigFreeIdad5e40b8fa