27 Қантар 2022
650

Инъекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тестілеу көрсеткіштері және 2022 жылы тестілеу жұмыстарын жақсарту мәселелері қаралды

2022 жылдың 27-ші ақпанында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының мәжіліс залында облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандарының  қатысуымен «2021 жылы иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға  тестілеу көрсеткіштері және 2022жылы тестілеу жұмыстарын жақсарту» тақырыбында бірлескен мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс барысында ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева АИТВ-инфекциясының республикадағы, облысымыздағы індеттік жағдайына, таралу жолдарына және алдын шараларына, иньекциялық есірткі тұтынушылардың  АИТВ-ға тексеру жұмыстарына  тоқталды.

Республика бойынша 2021 жылы3478 АИТВ-инфекциясы тіркелген, солардың 23,4 пайызы парентералды жолмен жұқтырған. Облысымызда есепті кезеңде 31 ауру анықталған, парентералды жолмен жұқтыру тіркелмеген, негізінен облысымызда АИТВ-инфекциясын жыныстық жолмен жұқтыру басымды бағыт алғандығы айтылды.

Мәжіліс барасында облыстық психикалық денсаулық орталығында «Д» есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тексеру жұмыстарының сапасын көтеру, республикалық көрсеткішке жеткізу,  халықтың осы  осал топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бағытында бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша талқылау жүргізіліп, шешім қабылданды.

 

Бөлім меңгерушісі  Балықбаева С.Ш