10 Желтоқсан 2021
4476

«Тәуелсіздік тұғырым» атты баяндама жасалынды

«Тәуелсіздік тұғырым» атты баяндама жасалынды

 

Тәуелсіздік – кез келген ел үшін жаңа сатыға көтерілу мен қайта түлеудің, гүлденіп дамудың тың қадамы, елеулі тарихи кезеңі. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ өлкемізді cан жылдар бойы отарлықтың құрсауында ұстаған кеңестік империя күйрегеннен кейін Қазақ елі еркіндікке қол жеткізді. Алғашқы Конституциямыз бекітіліп, республикалық мемлекеттілігімізді заңдастырған кезден бастап, дербестіктің игілігін сезіне бастадық. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Ел аңсаған азаттық 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың жеңісі, елдің мерейі.

          Бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге тағзымды ету, салауат пен болашаққа деген сенімі мол болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрмет сезімін ұялататын ата-бабамыздың сара жолындағы іс-әрекетті жалғастыру керек.