Тәуелсіздік- бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге бұл міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Биыл Қазақстан Республикасының тәңір берген сыйы, азаттығымыздың 30 жылдығы. Осы 30 жылдыққа алғашқы нық қадам 1991 жылдың 16-желтоқсанында жүзеге асырылды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Бұл біздің еліміздің даңқын арттыра түсті. Отыз жыл ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен қарым-қатынасын нақтылап , терезесі тең , керегесі кең ел болды. Осы жолдарды жүріп өту барысында еліміз қаншама қиындықтар мен қатар , қуаныштарды бастан өткерді. Мәдениет пен экономика, сауда-саттық дамыды. Әсіресе атап өтетін жайт Елбасымыздың ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоюы еді. Осы іс бұл ауырлығы мен қайғысы мол зұлматты біржола тоқтатты. 1997 жылы 20 қазанында Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жарияланды. 1998 жылы Елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Жаңа астанамыз еліміздің бас қаласы атанып гүлденіп, дамыды. Осы жылдар арасында қаншама спорттық іс-шаралар, өнер байқаулары өткізілді. Соның ішінде, 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медальді иеленді. 2017 жылы асқан өнерлі өнер саңлағы Димаш Құдайбергенов алдымен Қытай Халық Республикасындағы Singer 2017 байқауында топ жарды, онымен тоқтап қана қоймай Қазақстанымызды , еліміздің мәдениеті мен сан жылдар бойғы дәстүрін әлемге таныстырып, паш етті. Бұл оқиға еліміз үшін айтулы оқиғалардың біріне айналды. 2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды. 2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан жыл болды. Коронавирус індеті елміздің бірлігін одан сайын арттырып, бірлікте болуға үйретті. Қазақстан Республикасы осы 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің мәңгі ел екенін әлемге паш етті. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/711-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigine-30-zhyl#sigFreeId76d98ebb86