08 Желтоқсан 2021
502

АИТВ және жастар

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жумагулова  №64 Арал ауданық мектептің жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. АИТВ-ның алдын алу шараларына сәйкес бейнеролик көрсетілді. Оқушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріліп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды