06 Желтоқсан 2021
514

АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелер

Бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында облыс орталығындағы журналистер арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында пресс-конференция өтті.

Пресс-конференцияның мақсаты мен міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, сақтану шараларын жастар мен жасөспірімдер, халық арасында кеңінен насихаттау. Салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ (ВИЧ) жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық стереотипін қалыптастыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсанда бірінші рет  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аталып өтілген. Ал, 1999 жылдан бастап бұл күн Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып жарияланып, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. 2021 жылдың 15-ші қарашасы мен 25-ші қарашасы аралығында ««#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone!» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында онкүндік жүргізіледі. Бұл Кампания халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің  АИТВ инфекциясы жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-мен  өмір сүруші адамдар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту, АИТВ жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге, гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу сияқты мақсатты көздейді. 

Қазақстан республикасында өсу үрдісімен алғанда 42625 үстіміздегі жылдың 10 айында 2890 ҚР азаматынан АИТВ инфекциясы анықталған.

Қызылорда облысында АИТВ-ның алғашқы оқиғасы 1990 жылы анықталса, сол уақыттан бері 207 адам аталмыш жұқпамен тіркелді. Оның 187-ы, яғни 90,3 пайызы облыс азаматтары, 20-ы басқа аймақ тұрғындары. Үстіміздегі жылдың 10 айында облыста 26 адамнан АИТВ жұқпасы анықталып, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 11 ауруға өскен. 10 айда анықталған 26 адамның 24-і, яғни 96% жыныстық қатынас арқылы жұқтырса, олардың 2-і 15-19 жас аралығында (7,7%), 9-ы (34,6%) 20-29 жас, 6-ы (23,1% ) 30-39жас, 3-і (11%) 40-49 жас , 2-і (767%) 50-59 жас арасында, 4-і (15,4%) 60 жастан жоғарыларды тіркелген. Әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бойынша 10-і (40%) жұмыс жасайтындар, 7-і (24%) жұмыссыздар, 3-і (11%) студенттер, 4-і (15%) зейнеткерлер, 2-і (7,7%) сотталған азамат арасынан анықталған. Ерлер - 70 пайыз, әйелдер-30 пайыз болды.

Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұрі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

 

30.11.2021ж.

А.Оразалиева баспасөз хатшысы.