Арал аудандық көпсалалы колледжінің студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларына байланысты спорттық жарыс сайыстары ұйымдастырылды.
АИТВ-инфекциясы қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтыру кеңінен таралуда.
Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдар бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыруға қауіпі жоғары, бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті екендігін түсіндіре келе, инфекциядан сақтану, жұғу жолдары, алдын алу шараларына да тоқталып өтті. Сайыс соңында соңында сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылып, алғыс хаттармен марапатталды.
Г.Жумагулова Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/706-aral-zhastary-aitv-a-arsy#sigFreeId4c6286959f