29 Қараша 2021
704

Өмір сүргің келсе есірткіге жолама  

 

Қызылорда қаласындағы №253 орта мектепте оқушылардың ұйымдастыруымен «АИТВ: Әрбірін түсіну» атты облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру   болып табылады.

Оқушылардың күшімен дайындалған «Есірткісіз жастық шақ» атты көріністе кездесуге қатысушыларды бей-жай қалдырмады.  Кездесу соңында сұрақтарға жауап беріліп, жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.