АИТВ/ЖИТС туралы
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Жанымкүл Қыстаубайқызы №176 мектептің жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. АИТВ-ның алдын алу шараларына сәйкес бейнеролик көрсетілді. Оқушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріліп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/702-aitv-zhits-turaly-2#sigFreeIdd8cd2b173c