Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» тақырыбындаоқушылар арасында семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты-оқушылардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылды.
Бағдарламаға сәйкес АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері презентация, видеороликтер, суреттермен баяндама жасалды. Семинардың алдында және соңынан білім деңгейлерін байқау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді.
Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/697-v-panfilov-atynda-y-5-litsej-mektebinde-o-ushylar-arasynda-seminar-tti#sigFreeIdd5fccdc534