Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен 2021 жылдың 24-шы қарашасында №211 орта мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер- эпидемиологы Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «АИТВ: Әрбірін түсіну» ұранымен 2021 жылдың 15-ші қарашасымен 25-ші қараша арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оныңі шінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығымен ролі туралы ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, оқушыларға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Айтмагамбетова Г, дәрігер-эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/696-aitv-infektsiyasyny-epidemiologiyaly-zha-dajy-zh-u-zholdary-sa-tanu-sharalary-ta-yrybynda-kezdesu#sigFreeId4a12eaf90f