Арал аудандық «Дарын» мектеп интернатының жоғары сынып оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары бойынша кездесу болып өтті. Аталмыш инфекцияға қарсы алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. Сондықтан, тұрғындарды, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында 15-25 қараша аралығы «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында онкүндік ретінде жарияланды. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының АРАЛ аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жумагулова АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудан сақтану шаралары, алдын-алу және салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/695-daryn-mektep-internatyny-zho-ary-synyp-o-ushylary-arasynda-kezdesu-keshi#sigFreeId0e76d50dc6