Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыру қаупін алдын алу мақсатында облыстық полиция департаментіне қарасты емханасында қылмыстық атқару жүйесі, төтенше жағдайлар және әскери бөлімшелердегі медицина қызметкерлерінің қатысуымен ««Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ, ЖИТС-тің әлемдегі, республикалық, облыстық індеттік ахуалы, республика, облыс көлемінде таралу ерекшеліктері.Жұғу жолдары мен алдын алу шаралары.АИТВ-инфекциясының классификациясы, емі. Психоәлеуметтік кеңес беру. Медициналық ұйымдарда АИТВ-ға қан үлгілерін алу, жіберу кезінде медициналық құжаттарды толтыру, жүргізу тәртібі бойынша мамандар баяндама жасап, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетіліп, сұрақ-жауаптар жүргізіліп, қызу пікір таласпен қойылған сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар берілді.
Садуакасова А., дәрігер эпидемиолог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/693-oblysty-politsiya-departamenti-bojynsha-is-shara#sigFreeIdffcc5597cc