Қазіргі таңда АИТВ инфекциясын жұқтырып тіркелгендер саны, әсіресе жастар арасында күн санап көбеюде. Аталмыш инфекцияға қарсы алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. Сондықтан, тұрғындарды, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында 15-25 қараша аралығы «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында онкүндік ретінде жарияланды.
2021 жылдың 24 қараша күні «Болашақ» университетінің жоғары колледж және «Болашақ» жоғары медициналық колледж мұғалімдері мен студенттері арасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында кездесу, семинар сабағы өткізілді. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Светлана Аумажитовна Сарсенбаева АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудан сақтану шаралары, алдын-алу және салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
Сонымен қатар ақпараттық білім беру материалдары: слайд, «АИТВ статусыңды біл!»,«АИТВ/ВИЧ туралы» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Облыстық ЖИТС орталығының
дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/692-bolasha-kolledzh-studentterimen-kezdesu#sigFreeIdeb200ba745