26 Қараша 2021
555

«АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында кездесу

 

 

         Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан бүкіл әлемде өткізілуде, Қазақстанда ол 15-25 қараша аралығында «АИТВ. Әрбірін түсіну» ұранымен өтеді. Осыған орай «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің және «Акмешіт» колледж мұғалімдері мен студенттері арасында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында кездесу, семинар сабағы өткізілді.  Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, эпидемиолог көмекшісі И. Қасымова АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудан сақтану шаралары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде мәліметтер берді, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.

         Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары: слайд, «АИТВ статусыңды біл!»,«АИТВ/ВИЧ туралы»  тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді,  жастарға  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

 

Облыстық ЖИТС орталығының

дәрігер-эпидемиологы                                                        С. Сарсенбаева