23 Қараша 2021
591

Шиелі жастары АИТВ инфекциясы жайлы ақпараттандырылуда

Шиелі жастары АИТВ инфекциясы жайлы ақпараттандырылуда

 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ; Әрбірін түсіну» ұранымен өтіп жатқан онкүндік аясында Шиелі ауданы Ә.Тәжібаев ауылы №214 орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен акция болып өтті.  Акция  барысында мектеп мейіргері З.Туленова, СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу мен сақтану шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіп, АИТВ/ЖИТС-тің облыс және аудан бойынша індеттік ахуалы жөнінде ақпарат берді. Іс-шара барысында оқушыларға видео роликтер көрсетіліп, сұрақ жауап алмасып, ақпараттық үнпарақтар таратылды.

 

Б.Парманкулов, эпидемиолог көмекшісі