23 Қараша 2021
567

Жастар арасында «Салауатты өмір салтын ұстан» атты кездесу

 

Жастар арасында  «Салауатты өмір салтын ұстан» атты кездесу

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Айтмаганбетова Гульзейне Тасхожақызы 2021жылдың 22 қараша күні қаладағы Инженерлік-техникалық колледж  студенттері арасында кездесу, ашық-сабақ ұйымдастырды. АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы баяндалды. Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «АИТВ: Әрбірін түсіну» ұранымен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді.

Соңғы 9 ай ішіндегі республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетілді.     Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.

 

Айтмаганбетова Г., дәрігер-эпидемиолог