«АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында кездесу
Ағымдағы жылдың 18-ші қараша күні «И.Әбдікәрімов» атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбында студенттер мен мұғалімдер арасында кездесу, сұрақ жауап кеші ұйымдастырылды.
АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор.
Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева АИТВ/ЖИТС дегеніміз не? Оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ/ВИЧ туралы» видеороликтер көрсетілді, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Дәрігер-эпидемиолог С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/683-aitv-rbirin-t-sinu-ta-yrybynd#sigFreeId9df294220c