Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қалалық №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі оқушылар мен ұстаздар арасында «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау, АИТВ/ЖИТС –тен сақтану шаралары!» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында АИТВ, ЖИТС –тің дүниежүзілік, республикалық, облыстық эпидемиологиялық ахуалы жайлы, АИТВ, ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы түсінік беріліп, сұрақ жауаптар ұйымдастырылды. Қойылған сұрақтар қызу талқыланып, толық қанағаттанарлық жауаптар берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/675-te-sizdikti-zhoyu-zhits-ti-to#sigFreeIdfb5aab86e6