Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Жанымкүл Қыстаубайқызы М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің студенттері арасында кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. АИТВ-ның алдын алу шараларына сәйкес ақпараттық білім беру материалдары таратылды және бейнеролик көрсетілді. Студенттер тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріліп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/674-m-y-sanov-atynda-y-politekhn#sigFreeId332573d701