19 Қараша 2021
652

«АИТВ/ЖИТС-тан қалай сақтану керек?» тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2021 жылдың 19-шы қарашасында  №136  мектеп-лицейде мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу, сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының дәрігер –эпидемиологы Г.Айтмаганбетова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «АИТВ: Әрбірін түсіну» ұранымен 2021 жылдың 15-ші қарашасымен 25-ші қараша арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастармен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді.  Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді,  жастарға арналған буклеттермен үнпарақтар таратылды.

 

АйтмаганбетоваГ.,дәрігер-эпидемиолог