16 Қараша 2021
412

#АИТВӘрбірінТүсіну  

 

2021 жылдың 15-ші қарашасы мен 25-ші қарашасы аралығында өткізілетін онкүндік аясында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында қарқынды насихаттау мақсатында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы О.Қайыр қалалық «Орда» жоғары колледжі студенттері және №271 орта мектептің оқушылары арасында кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, сақтану, жұғу жолдары туралы ақпараттандырылып, танымдық материалдар таратылды, сұрақтарына толық жауап берілді.