01 Қараша 2021
425

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу

ТОО «AK NIET GROUP» №213 аптека қызметкерлерінің қатысуымен  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара  өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев  АИТВ-ның Аудандағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады.  Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.

Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев