27 Қазан 2021
671

АИТВ инфекциясы туралы мектеп оқушылары ақпараттандырылды

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білім бөлімінің біріккен жоспарына сәйкес 26 қазан 2021 жылы Шиелі ауданы  «Еңбекші» ауылы № 159 мектепте оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында сұрақ-жауап сағаты  ұйымдастырылды. Мектеп аяжаны Г.Әппек, СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу мен сақтану шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, АИТВ/ЖИТС-тің облыс және аудан бойынша індеттік ахуалы жөнінде ақпарат берді. Оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.

 

Б.Парманкулов, эпидемиолог көмекшісі