Ағымдағы жылдың 13-ші қазан күні №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева АИТВ-инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағүлмат берілді. Кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары туралы слайд, «АИТВ/ВИЧ туралы» видеоролик көрсетілді. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі-салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру.
Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор екендігіне назар аударды. Кездесу соңында АИТВ/ВИЧ жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.
Дәрігер-эпидемиолог Сарсенбаева Светлана Аумажитовна
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/649-aitv-vich-turaly#sigFreeIdabd837a6f9