15 Қазан 2021
612

«Өз денсаулығың-өз қолыңда!» тақырыбында кездесу

«Абылай Хан» атындағы жоғары  колледжінде «Өз денсаулығың-өз қолыңда!» тақырыбында студенттер мен мұғалімдер арасында семинар сабағы, сұрақ жауап кеші ұйымдастырылды.

 

АИТВ инфекциясының алдын алудағы басты шаралардың бірі - салауатты өмір салтын ұстану және ақпараттық білім беру. Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор.

 

Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева Светлана Аумажитовна АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, «АИТВ/ВИЧ туралы» слайд, видеоролик көрсетілді, оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында жасөспірімдерге арналған АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

 

 

Дәрігер-эпидемиолог   С. Сарсенбаева