2021 жылдың 22-ші қыркүйегінде Қызылорда облыстық ЖИТС орталығында қалалық емдеу мекемелерінің госпиталды эпидемиологтары «АИТВ-инфекциясының 2021ж 8 айындағы індеттік ахуалы. ҚР-да жүкті әйелдер мен 14 жасқа дейін балалар арасында, донорлар АИТВ-инфекциясының тіркелуі. 2020-2021жж АИТВ-ЖИТС тақырыбында жаңадан шыққан нормативтік құқықтық құжаттар» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында сөз алған ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балықбаева ҚР,облысымыздағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. 2021ж 8 айында республика бойынша -2366 АИТВ-жұқтырғандар тіркелген, облысымызда 24 ауру анықталған. Облыс бойынша 2020ж осы кезеімен салыстырғанда 15 ауруға өсіп отыр (2020ж- 9ауру).Анықталған аурулардың 96 пайызы жыныстық жолмен жұқтырған,75 пайызы ер азаматтар, 25 пайызы әйелдер құраған.
Жас ерекшеліктері бойынша 37,5%-20-29 жас ,16,7 пайыз-30-39 жас, 12,5 пайыз 40-49 жас аралығында тіркелген. 56 пайызы –жұмыссыздар, 38 пайызы жұмыс жасайтындар.
Облыс бойынша есепті кезеңде жүкті әйелдердің 3-нен АИТВ-инфекциясы анықталған. Әлі болса облыс бойынша жүкті әйелдердің жыныстық серіктесерін АИТВ-ға тексеру жұмыстары емдеу алдын алу мекемелерімен өз деңгейінде жүргізілмей отырғандығы айтылды.
Республика бойынша есепті кезеңде 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ-инфекциясының 18 жағдайы тіркелгені , олардың 94 пайызы (17 бала) вертикалды жолмен, яғни АИТВ-жұқтырған жүкті анасынан жүктілік кезінде, босану, емізу барысында жұқтырған.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында жаңадан шыққан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚР Кодексімен, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы №211/2020, 25.11.2020 жылғы №204/2020 , 22.12.2020 жылғы №313/2020, 30.10.2020 жылғы №175/2020, 26.05.2021жылғы №44 бұйрықтарымен таныстырылды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
Балықбаева С