Қызылорда облыстық ЖИТС орталығында қалалық емдеу-алдын алу мекемелерінің эпидемиологтары, жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен акушер-гинекологтар арасында «АИТВ-инфекциясының 2021ж 8 айындағы індеттік ахуалы. Есепті кезеңде жүкті әйелдердің және олардың жыныстық серіктестерінің АИТВ-ға тексерілуі. ҚР-да жүкті әйелдер мен 14 жасқа дейін балалар арасында, донорлар АИТВ-инфекциясының тіркелуі. 2020-2021жж АИТВ-ЖИТС тақырыбында жаңадан шыққан нормативтік құқықтық құжаттар» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында сөз алған ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балықбаева ҚР,облысымыздағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.2021ж 8 айында республика бойынша -2366 АИТВ-жұқтырғандар тіркелген, облысымызда 24 ауру анықталған. Облыс бойынша 2020ж осы кезеімен салыстырғанда 15 ауруға өсіп отыр (2020ж- 9ауру).Анықталған аурулардың 96 пайызы жыныстық жолмен жұқтырған,75 пайызы ер азаматтар, 25 пайызы әйелдер құраған.
Жас ерекшеліктері бойынша 37,5%-20-29 жас ,16,7 пайыз-30-39 жас, 12,5 пайыз 40-49 жас аралығында тіркелген. 56 пайызы –жұмыссыздар, 38 пайызы жұмыс жасайтындар.
2021 жылдың тамыз айында қала бойынша 775 жүкті әйел есепке алынған, солардың 769-ы АИТВ-ға тексерілген, 99 пайызы қамтылған.Облыс бойынша есепті кезеңде жүкті әйелдердің 3-нен АИТВ-инфекциясы анықталған.Әлі болса облыс бойынша жүкті әйелдердің жыныстық серіктесерін АИТВ-ға тексеру жұмыстары емдеу алдын алу мекемелерімен өз деңгейінде жүргізілмей отырғандығы айтылды.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында жаңадан шыққан «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР-ның 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚР Кодексімен, ҚР ДСМ-нің 27.11.2020 жылғы №211/2020, 25.11.2020 жылғы №204/2020 , 22.12.2020 жылғы №313/2020,30.10.2020 ж №175/2020, 26.05.2021ж.№44 бұйрықтарымен таныстырылды.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
Балықбаева С
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/646-oblysty-zhits-ortaly-ynda-emdeu-aldyn-alu-mekemelerini-mamandaryna-arnal-an-seminar-saba-jymdastyryldy#sigFreeId6e93140520