Шиелі электр тарату орталығы АИТВ-ЖИТС жайлы ақпараттандырылды
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, Шиелі кентіне қарасты Электр тарату торабы «КРЭК» АО мекемесінде «АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыбында іс- шара өткізілді. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің жалпы індеттік ахуалы жайлы ақпарат беріп, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламаларға сәйкес ауданымызда да көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын айтты. Әрі қарай қатысушылар арасында пікір алмасты. Іс-шара соңында мекеме басшысы келешекте атқарылып отырған жұмыстар жалғасын табатынын айтып, қорытындылады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, қызметкерлердің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі: Т.Досаев
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/645-shieli-elektr-taratu-ortaly-y-aitv-zhits-zhajly-a-parattandyryldy#sigFreeId49845a44be