Салауатты өмір салтын сақтайық!
2021 жылдың қыркүйек айының 10-ы күні Шиелі ауданаралық ауруханасының жастар денсаулығы орталығы, аудандық емдеу алдын алу мекемелері, облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалының қатысуымен Шиелі кенті «Көк шоқы» мөлтек ауданында спорт кешенінде «Денсаулық Фестивалі-2021» аясында жастар арасында кең ауқымды іс-шара өткізілді. Жарысқа қатысушылар арасында футболдан, арқан тартудан және қол күрестен командалық жарыс болды. Іс-шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында жастар арасында тақырыптық үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/643-salauatty-mir-saltyn-sa-tajy#sigFreeIdcdd49ee2ae