АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары
2021 жылдың 11-ші тамызында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының мәжіліс залында облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандарының қатысуымен «2021 жылдың 6 айында иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тестілеу көрсеткіштері және 2021 жылдың 2-ші жартыжылдығында тестілеу жұмыстарын жандандыру» тақырыбында бірлескен мәжіліс өткізілді.
Мәжіліс барысында ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева АИТВ-инфекциясының республикадағы, облысымыздағы індеттік жағдайына, таралу жолдарына және алдын алу шараларына, иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тексеру жұмыстарына тоқталды.
Республика бойынша 2021 жылдың 6 айында -1741 АИТВ-инфекциясы тіркелген, солардың 23 пайызы парентералды (қан арқылы) жолмен жұқтырған. Облысымызда есепті кезеңде 19 ауру анықталған, парентералды жолмен жұқтыру тіркелмеген, негізінен облысымызда АИТВ-инфекциясын жыныстық жолмен жұқтыру басымды бағыт алғандығы айтылды.
Мәжіліс барысында облыстық психикалық денсаулық орталығында «Д» есепте тұрған иньекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-ға тексеру жұмыстарының сапасын көтеру, республикалық көрсеткішке жеткізу, халықтың осы осал топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бағытында бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша талқылау жүргізіліп, шешім қабылданды.
Балықбаева С.Ш
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/635-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-sharalary-9#sigFreeIdf754a64b92